Кетіп қалғым келеді….

Кетіп қалғым келеді….

Шын айтамын…..

Шырылдаған үніне тойып біткем,

Шырқыраған жаныма не айтамын?

 

Кетіп қалғым келеді

Тоймай қалғам

Мен де анау-мынау деп таңдай алам

Әттең, сенің жүрегің мен де емес

Кетпе деші, мен саған тоқтай алам Continue reading

Сен және Мен…

     Білмеймін…не үшін, неге? Білмеймін…қай шайтан, қашан түртті?

    Тағы да сол баяғы мен ғой ақымақтық жасаған. Саналы түрде. Ерікті күймен. Ойыма келді, жасадым. Мен өзіме қарсы шыға алмаймын. Мен сезімнің құлымын. Жасаған ісіме жауапты, жасамай тұрып емес, жасалып біткесін беремін. 

  Маған бәрібір. Сені сүйетінімді көшедегі кім көрінгенге айтып берер ем. Тек мені тыңдаса болды. Мың бір түн бойы ертегі айтқан Шәхиразада менің  шаңымды қағар, мен сені қиялымдағы ақ боз аттың иесі  етіп, басыңа ақ тәж, астыңа алтын тақ орнатып  ғасырлар бойына сыр ғып шертер ем. Нұрлы жүрек, иман жүзді жан дер ем. Сен туралы әлемге әдемі аңыз қалдырар ем. Continue reading

Балғындығымның белгісі….

Өкпелісің ғой, білемін құрбым, білемін,

Кекшіл емес ең, кінәмді мүмкін кешерсің. 

Тірліктің тынбас тауқыметімен өлшенген,  

Алтындай уақыт қай жыртығыма  жетерсің.

Мендегі өмір, у-шуға толы жан – жағым,

Арбама мініп, аяңмен уақыт алдадым.

Ақшаның соңы, күн көру үшін адам боп,

Ұмытып  қалам, аптаның қай күн болғанын.   Continue reading

БИЛЕТ…

 Мен сені  көп іздедім. Сағынып іздедім. Сарыла іздедім. Жылаған жанымды жұбата отырып іздедім.  Жасаураған көзімді құрғата жүріп іздедім. Сағындым сені.  Таппадым. Жыладым. Қиналдым. Армандарыма айналған аяулы жан – ол сен. Тағдыр да қалай қинауды біледі екен, төрт құбылам түгел болғанда да, сенің орының бөлек екен. Түсініппін.  Continue reading

Ал, туған күніңмен!

     Тамыз. Тамылжыған тамыз. Әсіресе менің Ордамның бақшасы былқып-шылқып пісіп жатыр.  Ең құдіреттісі де сол – қасиетті ай, ораза айы.  11 тамыз. Кәдімгідей күн. Бейсенбі.  Қасиетті айдың қасиетті күні. Жаздың бақандай жартысын өткізіп мелшиген күнтізбенің жаңа беті. Айырмашылық жоқ. Еңбек демалысынан оралған қызметкерлер салғырт та болса жұмыстарына кіріскен. Алматының қабағы қату. Түні салқын, күні қоңырсалқын, сап-сары күздің сартабы ұрып тұр. Continue reading

Абылайшыл ұл

Жексенбі. Адамзаттың ойлап тапқаны демесе, табиғаттан көшіре салған жапсар-жапсар қабырғалардағы өрнектерге тесіліп «демалып» жатырмын. Неге екенін, шау тарқан шалша сүлесоқпын.  Беймезгіл шырылдаған есіктің қоңырауы сынды бөтен ой боркеміктендіріп жіберді.  Қажып жүрген мен ғана емес жан біткеннің барлығы. Жаз шықты  деп қуанған жұрттың көбінің көзінде еңбек демалысы деген тәтті ой. Жұмысқа келу де, үйде жұмыссыз отыру да өзінше азап. Қай-қайдағы миыңның қуыс-қуысын тінтіп, жігеріңді жаншып, жалғыз қалсаң бітті жаныңды жеп жібереді. Бітпейтін тірлік, үмітпен иек артқан ата-ана. Continue reading

Сырқатымнан айыққым келеді…

 Мүмкін ақымақтық, мүмкін шарасыздық, мүмкін тіпті батылдық. Мүмкін қадірі қашқандық, ақылдан адасқандық, соқырлық. Қалай болғанда да, біз осылай жасауды дұрыс көрдік. Мен, дұрысы біз, оны кездесуге шақырғанбыз. Алты әріпті ауруымды білетін, жұмыстағы Нұрекеңді танитын құрбым, оған звандап, танысып, өз құрбысымен яғни менімен жақынырақ таныстырамын деп келіседі. Бірақ біз екенімізді жасырады. Нұржан да әңгіменің маған қатысты екенін сезген, сезе тұрып сөйлескен, сөйлесе тұрып сөз берген. Continue reading

Алқаштың ұлы

Шағын қаланың ең көрікті жеріндегі, ең көрнекті үйлердің бірі болған бұлардың үйі. Есігінің алды жаз сайын мөлдіреп жидесі мен жүзімі үзілмейтін, жанға жайлы самалы есіп тұратын, сәкі астынан сылдыр-сылдыр су ағып жататын.  Жазатайым әкесі есік алдына шықса, өткен-кеткендерің машиналарын тоқтатып сәлем беріп өтетін. Қайдан келседе қора-қора қой, рулон-рулон сабын, қап-қап кәмпит, ауылдағы қызыл оюлы дүкенінен бұрын осы үйге түсуші еді.  Түрлі-түрлі қызыл-жасыл көйлектер киетін, шешесі аузынан сілекейі ағып отырып, көрші Әйкөш, Сәйкөштердің  шешелеріне таза китайский көйлектер деп мақтанып айтып жатушы еді. Бұл дүрдиіп әкесінің үшаяқ матсеклінде тұмсығын көк тіреп отырушы еді-ау. Бақытты сияқты еді, әкесі мен шешесі де риза сияқты еді. Continue reading

Жауабын айтасың ба ҰБТ-өмір?!

Үш әріпке тіреліп бар тағдырым,

Мен ҰБТ тапсырғам дәл сол бір  күн…

Құмалаққа жүгіріп қайран шешем..

Ала таңнан естігем дұғалы  үнін

Дәл сол жылы оқу боп бар білгенім,

Түні бойы «тест» жаттап көз ілмедім…

Телміріп тілегенмен тегін оқу…

Сол жылы мені өзіңе теңсінбедің…! Continue reading